Білім саласыЖас буынҚоғамРуханият

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ДАРА ЫРЫСЫ

Қаралым: 37
            Жуырда біздің  кітапханамызда Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектептің 9 сынып оқушыларымен бірге,  халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақ прозасының дара ырысы» атты тақырыпта  шағын оқырмандар конференциясы болып өтті. Бұл іс-шарада Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы жан-жақты талқыланды.
           1974 жылы жарыққа шыққан бұл роман –  ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Үш бөлім және жиырма төрт тараудан тұрады, онда тоқсанға жуық образ бар. Әрқайсысына жеке-жеке мінездеме берілген. Романдағы бас кейіпкер  Есеней – қалың Керей—Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол Шыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Ал Ұлпан  – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өскен Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған. кең пейілді, адамгершілігі мол Ұлпан  Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.
         Оқырмандар конференциясында осы сыныптың оқушылары – Журабай Ақерке, Хайрулла Динара, Сәкен Қазына, Шахабай Өмірзақ, Халил Нұрбол, Қошқарбай Нұрсұлтан, Юсупова Сахабаттар белсенділік танытты. Олар «Ұлпан» романынан үзінділер оқып ғана қоймай, ондағы басты кейіпкерлер туралы жан-жақты айтып берді. Рухани мағызы ерекше осы іс-шараның соңында үздіктерге Алғыс хаттар табысталды.
Шамшат АЛТЫНБЕКОВА,
Достық а/о.,Достық ауылы филиал № 1 кітапханасының меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *