Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әдебиет » ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ!

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ!

Қамал бұзар қазақтың батырлары,
Намыс-от боп жан-күйі лапылдады.
Арыстандай белгілі айбаттанып,
Жолбарыстай жауына атылғаны…
Елдік үшін мұз шайнап, отқа кірген,
Ерлік құрып еңселі топқа кірген
Жаудың легі жеткенде ел шетіне,
Атой салып ал сонда атқа мінген.
Ауылдастан кезі жоқ алыс қонған,
Қарындастан жері жоқ қалыс қалған.
Толағай төс,бура жон батырлар-ай,
Найзасының ұшында намыс жанған.
Бүлік салып бой берсе жаттан кісі,
Батырдың бұл бабына баққан тұсы.
Жүрегінде жігерлі бір кек қайнап,
Білегінде бұлқынған батпан күші.
Жау қолынан қайысса соқпақ, далам,
Батыр батыр бола ма от қаппаған?!
Жерін қорғап, болсыншы жаны пида,
Төрін бірақ жауына таптатпаған.
Қазақтың батырлары-ай, Бүркіт қабақ,
Жаудың зоры тұрған ғой үркіп қарап.
Дүлей жаудың үрейін ұшырған ғой,
Шүйіле түскен сəтте сілкіп қанат.
Ей, жас ұрпақ, сол ерлер сенің бабаң,
Бейбіт ғұмыр келген жоқ тегін саған.
…Баһадүр батырлардың арқасы ғой—
Жерім бүтін тұрғаны,елім аман.
Наурызбай ЖАРБОСЫНҰЛЫ, ақын.
С.Қожанов жəне І.Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1