Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІ БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІ БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІ БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ

      КАЗГЮУ-дің Экономика Жоғары мектебі бағдарламаларының түлектері АССА емтихандарын тапсырмауына болады. Атап өтейік, ACCA (Association of Chartered Certifed Accountants) – қаржы, менеджмент, есеп және аудит салалары мамандардын біріктіретін ғаламдық кәсіптік қауымдастық.   
         Жоғары Экономика мектебінің «Есеп және аудит» және «Қаржы» бағдарламалары 2025 жылға дейін АССА қайта аккредиттеуінен өтіп, АССА беделді халықаралық кәсіби аккредиттеу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнының сәйкестігін растады. Аккредиттеу қағидаларына сәйкес әр төрт жыл сайын университет бағдарламалардың талаптарға сәйкестігіне қайта аккредиттеуден өтеді.
     «2020 жылы 58 түлек АССА емтиханында университеттер тапсыруы керек 9 құжаттың барлығынан босатылды. 53 бітіруші ACCA «Accelerate» стипендиялық бағдарламасына іріктелді. Аталған аккредиттеуге кіретін курстарды (пәндерді) шетелдік университеттердің түлектері, АССА сертификатының иегерлері және сертификациясын аяқтап жатқан кандидаттар оқытады. Бұл талаптың барлығы оқытушыларды таңдау кезінде маңызды», — дейді  КАЗГЮУ Экономика Жоғары мектебінің директоры Сәуле Кемелбаева.
    Естеріңізге сала кетейік, ЭЖМ АССА аккредиттеуін 2016 жылы алды.
      «Атамекен» ҰКП деректеріне сүйенсек, бағдарламалардың халықаралық аккредитацияларға сәйкес келуі университет түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейін көтеретінін атап өткен жөн.
       Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 2019 жылы 100%-ды, 2020 жылы — 96%-ды құрады. Жалпы қауымдастық 178 елде 208 000 мүше мен 50 3000 студентті біріктіріп, оларға кәсіби және іскерлік дағдыларды ескере отырып, табысты мансап құруға көмектеседі.
КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1