Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 25 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ: 140 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 25 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ: 140 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 25 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ: 140 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Қазақстанда 25 маусымда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады. 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді. Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғайтылды. Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі.
Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер колледждерге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімдері:
Жұмысшы біліктілігі бойынша – 25 маусымнан 27 тамызға дейін;
Орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11 сынып базасында) — 25 маусымнан 22 тамызға дейін;
Шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;
Педагогикалық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 10 тамызға дейін (9 және 11 сынып базасында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында);
Медициналық мамандықтар бойынша – 9 сынып базасында 25 маусымнан 10 тамызға дейін, 11 сынып және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусымнан 15 тамызға дейін;
Кешкі оқу нысаны бойынша – 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.
Сондай-ақ колледждерге қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота қарастырылған.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1