Әлеумет

«Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» конференциясы өтеді

Қаралым: 34
2021 жылғы 15 қаңтарда «Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» онлайн-конференциясы өтеді, онда қазақстандық және халықаралық сарапшылар білімберу жүйесінің ағымдағы жай-күйін, проблемаларды және шешу мүмкіндіктерін, атап айтқанда, STEAM-әдістемелерін әзірлеу мен оқу процесіне енгізуді талқылайды. Іс-шараны ұйымдастырушы – “Шеврон” компаниясының қолдауымен”Caravan of Knowledge”.“Caravan of Knowledge” басшысы Зарина Биюмбаева атап өткендей, алдағы конференция білім беру саласындағы шенеуніктерге білім беру саясатын жоспарлауда, мектеп директорларына, әкімшіліктер мен мұғалімдерге — ағымдағы білім беру трендтеріне және тиімді менеджментке бейімделуде, бизнес, өндіріс және ғылым өкілдеріне — болашақ кадрларды даярлауда пайдалы болатын стратегиялық менеджмент құралы болып табылады. “Тәуелсіздік жылдары алғаш рет STEAM-білім беру саласындағы стейкхолдерлермен стратегиялық сессия және фасилитация осындай ашық және ауқымды форматта өтеді – деп нақтылады Биюмбаева. “Біз осы экожүйеде әркімнің пікірін естіп, ескергіміз келеді”
STEAM әдістемелері мектептерде белгілі бір пәндерді — ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) жүргізуді ғана емес, сондай-ақ оқытуға пәнаралық тәсілді, сондай-ақ ақпаратты іздеу және өңдеу дағдыларын, сынитұрғыдан және креативті ойлау мен таныстыру дағдыларындамыту үшін ғылыми жобалар арқылы оқушыларды оқытуды – еңбек нарығында қазірдің өзінде қажетті XXI-ғасыр дағдыларын қамтиды.
Конференцияда спикерлер мен қатысушылар ҚазақстандағыSTEAM-білім берудің ағымдағы жағдайын — оқу мен оқытудағы қазіргі трендтерді, мемлекеттік білім беру саясатын, қосымша, инклюзивті және ауылда білім беруді талқылайды. Сондай-ақ, бизнес және өндірістік сектор салаларында STEAM дамыту және қолдану мысалдары қарастырылады. Сонымен қатар, АҚШ, Финляндия, Италия және Таиланд сарапшылары STEAM-ның нақты жағдайларда өз елдерінде қалай дамып жатқанын айтып береді.
Іс-шараның  толық  бағдарламасы  және тіркелу — https://caravanofknowledge.com/edustem

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *