Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ІІМ «ҚАЗАҚСТАН» САНАТОРИЙІНДЕ М.ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ІІМ «ҚАЗАҚСТАН» САНАТОРИЙІНДЕ М.ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ІІМ «ҚАЗАҚСТАН» САНАТОРИЙІНДЕ М.ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

         1 қазан – халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы «Қазақстан» санаторийінде ІІМ Алматы академиясы басшылығының қолдауымен генерал Мақан Есболатов атындағы кітапхана ашылды.

       Кітапхананың ашылу салтанатына Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы және «Генералдар кеңесінің» мүшелері қатысты.
         М.Есболатов атындағы кітапхананың лентасын Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры А. Заппаров пен «Қазақстан санаторийі» акционерлік қоғамының төрағасы генерал-лейтенант Б.Сәрсеков, Алматы Академиясының бастығы полковник А.Сайтбеков қиды.
         Алматы қаласы ПД бастығы А.Заппаров пен «Қазақстан санаторийі» АҚ төрағасы Б.Сарсеков құттықтау сөз сөйлеп, ПД бастығы кітапхана қорына ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.Ахметжановтың атынан «Тәуелсіз Қазақстанның ішкі істер органдарының тарихи жолы» атты кітапты тарту етті.
        «Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара біз үшін үлкен қуаныш. Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, генерал-майор Мақан Есболатов – Қазақстан полициясының бірнеше буынына ұстаз болған аңыз адам. Қарапайым курсанттан ішкі істер министріне дейінгі жолдан өткен Мақан Есболатовтың еңбек жолының жарқын беттері – бүгінгі полиция қызметкерлеріне өнеге.
          Сондықтан да Ішкі істер министрлігінің өзіндік тарихы бар «Қазақстан» санаторийінде генерал-майор Мақан Есболатов атындағы кітапхананың ашылуы біздің академия үшін зор мәртебе»-деді салтанатты жиында сөз сөйлеген М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі А.Сайтбеков өз атынан кітапхана қорына генерал М.Есболатовтың еңбек жолы туралы жарық көрген кітаптар тарту етті.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1