ЭЛЕКТРОНДЫҚ АГРОХИМИЯЛЫҚ КАРТОГРАММАНЫ ТІРКЕУ НОРМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 29
Құрметті Мақтаарал ауданы тауар өндірушілері! Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрілігінің 11.01.2021 жылғы № 3-6-6/67-И шығыс хатында, 2021 жылы ағын су тапшылығы туындау мүмкіндігі айтылған.
Мақтаарал ауданы ауыл шаруашлығы бөлімі осы жайға байланысты сізден 2021 жылғы вегетация кезеңін нәтижелі өткізу және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында, суды аз қажет ететін дақылдарға көшу, су шықпайтын қыратты жерлерге суды көп қажет ететін дақылдар екпеу, сумен қамтамасыз етуге қажетті сорғыларды (насостар) пайдалану, суғару технологиясын (түнгі суару, кезекпен суару) жетілдіру мәселесіне алдын-ала дайындық, сондай-ақ егістік алқаптарындағы су жеткізіп беруші каналдардың су өткізу қабілеттерін арттыру, оларды тазалау жұмыстарына баса назар аударуды сұрайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №107 бұйрығының 4 тарауы «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» қағидасының 65 тармағы 7 тармақшасына сәйкес агроқұрылымдардың субсидия алу, жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тыңайтылатын алқабына арналған алтыдан кем емес агрохимиялық көрсеткіш (қарашірік, су немесе тұз сүзіндісінің сутегі көрсеткіші (рН), нитраттық, жеңілгидролиздендіргіш немесе сілтілігидролиздендіргіш азот, фосфордың, калий мен күкірттің жылжымалы нысандары) бойынша электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу бойынша нормасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгенін еске салады.
Осыған байланысты жоғарыда аталған электрондық агрохимиялық картограммасы өткізілмеген егістік алқабы мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді (субсидия, жанар жағар-май және т.б) ала алмайтынын хабарлаймыз.