Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        Ақтөбе қаласының мектептерінде ұйымдастырылған эвакуациялық пункттер жабылды. Қазіргі уақытта оқу орындарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
        Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Ақтөбе қаласы мен аудандарда 40 мектеп су тасқыны кезінде үйлері су басқан азаматтар үшін эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған.
         Аймақтағы су тасқыны жағдайы тұрақталды, тұрғындардың көпшілігі үйлеріне оралуда. Эвакуациялық пункттерде әлі де тұрып жатқан ақтөбеліктер жоғары оқу орындары, колледждердің жатақханалары мен қонақ үйлерге ауыстырылып, орналастырылуда. Басты міндет — үйлері әлі қалыпқа келмеген тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау.
       Атап айтсақ, бүгінде Ақтөбе қаласындағы үйлері суға кеткен 984 адам М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжінің жатақханаларына, сондай-ақ олимпиадалық резерв орталығының қонақ үйі мен «Ас-Сәлем» қайырымдылық мекемесіне көшіріліп жатыр. 984 адамның 448-і — балалар.
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1