Білім саласыЖаңалықтарЖас буын

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШАБЫТ СЫЙЛАДЫ

Қаралым: 27
        2024-2025 оқу жылының 26.05-06.06 күндері аралығында ауданымызда ҚР Оқу ағарту министрлігі “Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы“ АҚ-ның Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты филалының ұйымдастыруымен көркем еңбек, бейнелеу өнері пәні мұғалімдеріне арналған “Дизайн және көркемдік модельдеу саласында мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру” курсы өткізілді.
         Топ жетекшісі Сарсенкүл Қарсыбаева апай ұстаздарды курс бағдарламасымен таныстыра отырып, курстың негізгі мақсаты – мұғалімдердің заманауи дизайн мен көркемдік модельдеу бағыттарындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттыру екенін атап өте отырып, қатар теория мен тәжірибені ұштастырудың маңыздылығына  да тоқталды.
         Курс қатысушылары түрлі шеберлік сағаттарына қатысып, жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, шығармашылық жұмыстар орындау арқылы өзара тәжірибе алмасты. Мұғалімдер – дизайн негіздері, көркем композиция, материалдармен жұмыс істеу, заманауи технологияларды сабаққа енгізу сияқты маңызды тақырыптарды қамтыған дәрістерге белсене қатысты.
         Көшпелі сабақ барысында қатысушылар өнер туындыларын бақылау арқылы көркемдік іс-әрекеттің сан алуан түрлерімен танысты. Сондай-ақ, графика, мүсін, кескіндеме сияқты бағыттарда техникалық тұрғыдан қолжетімді материалдарды пайдалану жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді. Шара барысында мұғалімдер шығармашылық қабілеттерін дамытып, тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін жетілдіре түсті.
          Сабақты жоғары деңгейде ұйымдастырған курс жетекшісі – Карсыбаева Сарсенкүл Амангельдиевнаға тыңдаушылар зор ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.
           Осындай тағылымы мол тәжірибелік сабақтар мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға ықпал ететіні сөзсіз.
Г.А.ТУНГАТАРОВА,
Қ.Сәтбаев атындағы  №6 жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі.
Мақтаарал ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *