PRESS RELEASEКәсіпкерлікЭкономика

ШАҒЫН ГРАНТТАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Қаралым: 101
      «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ «Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасын іске асыру шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдарына арналған Республикалық шағын гранттар байқауын жариялайды.
​?Байқау мақсаты –2030 жылға дейінгі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау.

♻️Гранттардың болжамды бағыттары:

• Қазақстанда білім беру деңгейін арттыруды, сондай-ақ оның қолжетімділігін іске асыруға бағытталған жобалар (ТДМ 4);
• Гендерлік теңдік деңгейін арттыруға бағытталған жобалар (ТДМ 5);
• Теңіз экожүйелерін сақтауды қолдау бойынша жобалар (ТДМ 14);
• Құрлық экожүйелерін сақтауға қолдау көрсетуге бағытталған жобалар (ТДМ 15);
• Құқықтық мәдениетті арттыруды, сот төрелігін сақтауды және тиімді институттарды қалыптастыруды қолдау жөніндегі жобалар (ТДМ 16);
• Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке бағытталған жобалар (ТДМ 17);
• Қазақстанда ТДМ сапалы жүзеге асыруға бағытталған жобалар;
• Ережеге сәйкес келетін басқа да бағыттар.

?Өтінімдер ұйымдастырушының greenkaz.kz@gmail.com поштасы арқылы 2-20 маусым аралығында қабылданады.
?Байқау қортыныдысы бойынша 7 ҮЕҰ жеңімпаз таңдалып, олардың әрқайсысы 500 000 теңгелік грантқа ие болады.

▶️Байқау ережесі www.greenkaz.org сайтынды
#cisckz #cisc #цпгикз #sdg #sdgkz

?Сұрақтар бойынша жоба жетекшісі Алишер Акказеновқа хабарласуға болады
?Тел.: +77778678335
?Электрондық пошта: a.akkazenov@group-global.org

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *