Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Шардара қаласында «Жастар» аллеясы ашылады - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Шардара қаласында «Жастар» аллеясы ашылады

Шардара қаласында «Жастар» аллеясы ашылады

       2022 жылдың 27 қазанында Қазақстанның Экологиялық қорының бастамасымен Түркістан облысының Шардара қаласында «Жастар» аллеясының ашылу салтанатты шарасы өтеді.
        Іс-шара барысында 100-ден астам ағаш түбі отырғызылып, шағын сәулеттік пішін орнатылады.
Аталған шара «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырылады.
Аллеяның дәл осы өңірде ашылуы кездейсоқ емес.
       Шардара – Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағында орналасқан қала. Ал бұл экошара көшеттері бар аллея тұрғызу арқылы белгілі бір аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға, қала тұрғындарының денсаулығын сақтау және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қаланың экологиялық жағдайы мен эстетикалық келбетін жақсартуға, экологиялық мәдениет пен экологиялық сананы тәрбиелеуге, халық арасында айналамыздағы қоршаған ортаның жағдайына жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыру сияқты маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
         Аллеяның ашылу салтанатына Шардара қаласы әкімдігінің өкілдері, депутаттар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері, табиғатты қорғауды мақсат тұтқан түрлі ұйымдар, жергілікті белсенді жастар мен мектеп оқушылары қатысады.
«Жастар» аллеясының ашылу салтанаты өтетін күні мен уақыты: Шардара қаласы, Майлықожа көшесі / 27 қазан сағат 11:00-де.
       Барлық сұрақтарыңыз бойынша төменде көрсетілген номерлерге хабараласа аласыздар:
Жоба офисінің мекенжайы:
Астана қаласы, Е көшесі, 3 үй, «Меркурий-2» ТК, +7 7172 57 43 68,
Жауапты тұлға:
Тел: +7 7013988564 – Қамария Рамазанқызы

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1