Білім саласыЖас буынҚоғам

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

Қаралым: 41
         «Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру»  — бұл ақпараттық технологиялар мен интернеттің барлық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқыту үдерісін жетілдіру, оны ыңғайлы, тиімді және қолжетімді ету.
         Бүгінде цифрлық құралдар мен ресурстар білім берудің барлық саласына еніп, оқытудың жаңа тәсілдері мен әдіс-тәсілдерін дамытуды талап етіп отыр.
   Цифрлық әлемдегі білім беру – бұл оқыту мен оқу үдерісінің жаңа бағыттары мен әдіс-тәсілдеріне негізделген кең көлемді процесс.
      Оқытуды қызықты ету және оқушыларды белсенді ету мақсатында интербелсенді әдістер мен геймификация кеңінен қолданылуда. Ойындар мен викториналар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, оқудың тиімділігін арттырады. Геймификация, яғни ойын элементтерін енгізу оқушылардың мотивациясын жоғарылатып, оларды тапсырмаларды орындауға ынталандырады. Мұндай әдіс әсіресе жастар арасында білім алуды қызықты әрі тиімді етеді.
       Бұл білім беру жүйесі оқушылардың қабілеттерін толық ашуға, шығармашылықтарын дамытуға және цифрлық дағдыларын арттыруға бағытталған. Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылар тек білім алып қана қоймай, жаңа заманның талаптарына сай толыққанды азамат болып қалыптасады. Болашақ білім беру жүйесі толықтай цифрландырылып, оқушылардың барынша жоғары сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Шалатаева Индира Кожабековна,
№71 ЖББМ КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *