Білім саласыЖас буынҚоғам

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

Қаралым: 22
        Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектепте  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 оқу жылының 03-14 наурыз аралығында «Цифрлық әлемдегі заманалық білім беру» тақырыбында оқушылар арасында «I am a singer» атты қазақ, ағылшын тілі,  орыс тілдерінде әндер  байқауы өткізілді.

         Бұл шараның мақсаты: Тіл-адамзаттың ең үлкен қазынасы. Ол арқылы біз ойымыз ды жеткіземіз, білім аламыз, мәдениетті дамытамыз. Тіл болмаса адамзат өркениеті де болмас еді.  Көптілділіктің маңыздылығын түсіндіру.  Көптілділік адамның ой-өрісін кеңейеді. Бірнеше тіл білетін адам әлемді кеңірек таниды.

         Ән-бұл жай ғана әуен мен сөздер емес, ол адамдарды біріктіретін сезім мен ойды жеткізетін ерекше құбылыс. Әлемнің түкпір-түпкірінде әр халықтың өз әні бар, бірақ бәрінің мақсаты бір:   қуаныш, үміт, жанкүйерлік секілді эмоцияларды жеткізеді. Сондай-ақ, ән адамға жігер сыйлап, рухын көтереді, халықтың мәдениетін көрсетеді. Әр ұлттың әні оның тарихы мен дәстүрлерін бейнелейді. Қазақтың «Елім-ай», «Алаш ұраны», «Сөйле қазақ қазақ тілінде» әндері патриоттыққа тәрбиелейді.
         Ағылшынның «Yesterday», Орыстың «Катюша» әндері – сол халықтың рухани байлығы. Ән мен жатталған сөздер тез есте қалады. Есте сақтау қабілетін жақсартады. Сондықтан шет тілін үйренуде әннің көмегі зор. Осы мақсатта 6-7 сыныптар арасында «I am a singer» ән байқауы өткізілді.
        Біздің осы шарамызға Балтабек Гүлдер, Жайсанбекқызы Ақнұр, Жұмахан Кәусар, Аман Бақытжан, Пак Райса, Үкібай Балым, Рыскелді Ұлту мен Есенгелді Рания сынды оқушылар қатысып  4-7 сынып оқушыларынан хор орындалды. Байқау өз деңгейінде өткізіліп, жеңімпаз болған оқушылар марапатталды.
Наргиза ГАЙБУЛЛАЕВА,
 Н.Исмайлов атындағы №45  ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *