Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАМАТТЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАН СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ» ҚЫЗМЕТІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » «ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАМАТТЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАН СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ» ҚЫЗМЕТІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

«ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАМАТТЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАН СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ» ҚЫЗМЕТІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

          Elicense.kz порталында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі автоматтандырылды. Аталмыш қызметті жеке тұлғалар тегін ала алады.
         Енді ҚР ДСМ 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық халық саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалаудан, білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен медицина қызметкерлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі.
         Сертификат алуға өтініш беру үшін не қажет:
  • Сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);
  • Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны);
  • Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);
  • Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);
  • Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта);
         Маман сертификатын алу үшін пайдаланушы elicense.kz порталында электрондық өтінішті толтырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі — 10 жұмыс күні.
         Қызмет көрсету нәтижесі маман сертификаты түріндегі рұқсат құжаты және пайдаланушының «Қызметтер алу тарихы» модуліндегі «Жеке кабинетіне» жіберіледі. Өтініш бойынша бас тарту болған  жағдайда дәлелді бас тартудың нәтижесі сақталады.
          Қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1