Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыру мақсатында Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын жетілдіру, сондай-ақ халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашықтықты, сенімділікті және өзара байланысты нығайту болды.
Аталмыш іс-шараға «Мырзакент» аудандық орталық ауруханасы, «Атакент» аудандық орталық ауруханасы және Мақтаарал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтары тыңдалып, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларына қатысты мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер мен қажетті ақпараттар берілді.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен сауалдарына негізделген мұндай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.