Баланың тұлға ретінде қалыптасуында оның ата-анасы мен тәрбиешінің алар орны ерекше болып табылады. Балабақша – бүлдіршіннің алғашқы әлеуметтік ортасы, ал тәрбиеші – оның тәрбиесі мен дамуына бағыт беретін жетекші тұлға. Бірақ бала тәрбиесі тек балабақша қабырғасымен шектелмейді. Сондықтан ата-ана мен тәрбиеші бірлесе жұмыс істегенде ғана жақсы нәтиже береді.
ТӘРБИЕШІНІҢ РӨЛІ
Тәрбиеші – баланың мектепке дейінгі білім мен тәрбиені меңгеруіне көмектесетін маман. Оның міндеттері:
Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау;
Әлеуметтік қарым-қатынасқа үйрету, достық, сыпайылық, сыйластық секілді қасиеттерді қалыптастыру;
Баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту;
Ойын, сабақ және түрлі іс-шаралар арқылы танымдық дағдыларын жетілдіру;
Әдептілік, жауапкершілік, тәртіп сияқты қасиеттерді бойына сіңіру.
Тәрбиеші тек білім беруші ғана емес, ол – баланың психологиялық дамуын қадағалайтын, оның мінез-құлқын бағыттайтын маңызды тұлға.
АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Ата-ана – баланың ең алғашқы ұстазы. Баланың тәрбиесі мен мінезінің қалыптасуы көбінесе отбасына байланысты. Ата-ананың міндеттері:
Балабақшадағы тәрбие мен үйдегі тәрбиені үйлестіру;
Балаға махаббат пен қолдау көрсету, оның тұлғалық дамуын назарда ұстау;
Тәрбиешімен үнемі байланыста болып, балаға қатысты мәселелерді бірлесіп шешу;
Баланың күн тәртібі мен әдеттеріне көңіл бөлу, дұрыс тәрбие беруге атсалысу.
Ата-ананың балаға берер ең басты үлгісі – оның өзінің мінез-құлқы мен қарым-қатынасы. Балалар үлкендердің іс-әрекеттерін қайталайтындықтан, ата-ананың өз баласына дұрыс бағыт беруі аса маңызды.
Ата-ана мен тәрбиеші ынтымақтастығы:
Баланың үйлесімді дамуы үшін ата-ана мен тәрбиеші арасында тығыз байланыс болуы қажет.
Бұл байланыс:
Үнемі кездесулер өткізу, баланың даму деңгейі туралы пікір алмасу;
Балабақша іс-шараларына ата-аналарды тарту;
Бала тәрбиесіне қатысты ортақ қағидаларды сақтау арқылы жүзеге асады.
Тәрбиешінің еңбегі мен ата-ананың қолдауы қатар жүретін болса, балаға тиімді тәрбие беру мүмкіндігі артады. Сондықтанда екі жақтың да өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруы – баланың болашағы үшін аса маңызды.