NewsPRESS RELEASEБилікСаясат

ТӘЖІКСТАНҒА 15 МЫҢ ТОННА МАЗУТ ТҮРІНДЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Қаралым: 27
         Ресми гуманитарлық көмек аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Тәжікстан Республикасына 15 мың тонна мазут жеткізу туралы шешім қабылдады.
       Айта кету керек, гуманитарлық жүктерді жеткізу «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің көмегімен жүзеге асырылады және даму, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ынтымақтастыққа, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның ғасырлар бойғы қарым-қатынастарына тән бауырластық пен өзара көмек көрсетудің көрінісі болып табылады.
      Қазақстан тарапы Тәжікстанға ақшалай баламада қойған гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 2006 жылдан бастап шамамен 45 млн.құрайды.
          Анықтама: ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігін Қазақстан Үкіметі құрды және дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы оператор болып табылады. «KazAID» ДРК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсуге жәрдемдеседі, Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін ілгерілетеді, тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің мамандары арасында байланыс орнатуға ықпал етеді
ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің баспасөз қызметі.
www.kazaid.kz
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *