Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТҮРКІ ДҮНИЕСІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТҮРКІ ДҮНИЕСІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІ ДҮНИЕСІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

           2019 жылы Қарағанды қаласында Qazaq club-тың қаржылай қолдауымен Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілген болатын. Ал биылғы жылы аталған күнтізбе Қарағанды облыстық білім басқармасының қолдауымен «Біртұтас тәрбие жоспарына» енгізіліп, облыстың 417 мектебінде зерделенетін болады.
          Ұлттық күнтізбедегі 25 қараша күні ұлттық тарихымыздағы маңызы ерекше датамен сабақтасып жатыр. Бұл күні 1891 жылы дат ғалымы Вильгельм Томсен түркі жазуының құпиясын ашқан болатын.
           Осыған орай «№13 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ Түркі дүниесі күніне орай 5 «Ә» және 9 «Ә» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті. Оқушылар бүкіл түркі әлемінің рухын көтетеретін көне түркі ескерткіштері туралы ақпараттармен таныса отырып, сыни көзқараспен мәтіндегі ақпараттарды талдап, өз ойларын талқылау, нақтылау, жүйелеу бойынша әлемді мойындатқан ұлттық мұрамыздың құндылықтарын зерделеді. Атап айтқанда, 9 «Ә» сынып оқушылары Қайкен Еділ, Серік Нұрәлі және 5 «Ә» сынып оқушылары Кенже Медина, Талғат Ханифа, Диасұлы Ерасыл көне түркі ескерткіштерінің сырын талдай отырып, сабақтың қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.
          Ойталқы соңында әр топ ақын Наурызбай Жарбосынұлының түркі дүниесі күніне арнаған өлең жолдары арқылы сабақтан алған әсерлерін жеткізе білді.
А.ИХЛАС,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1