Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Түркітілдес елдердің тілшілері Ыстамбұлда бас қосты - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Түркітілдес елдердің тілшілері Ыстамбұлда бас қосты

Түркітілдес елдердің тілшілері Ыстамбұлда бас қосты

          Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі және TGA (Түркия туризм таныту және дамыту агенттігі) ұйымдастыруымен бір топ журналист Түркияның Ыстамбұл қаласына сапар шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
        Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстаннан келген журналистер тобы үш күн бойы тарихи шаһардың көрікті жерлерін аралап, елдің туризм саласындағы артықшылықтары мен ерекшеліктері жайлы жан-жақты мәлімет алмақ. Ал елімізбен киелі мекенге El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі мен 24.kz телеарнасының өкілдері аттанды.
         Ал гид Беркан Ташанның сөзіне қарағанда, бұл сапардың басты мақсаты ­түркітілдес елдердің тілшілеріне Түркия, соның ішінде Ыстамбұл туралы мейлінше кеңірек мағлұмат беру.
         Бұл сапар барысында мәдениет пен тарих, сондай-ақ туризмнің әртүрлі салаларына, сән, сауда, сауықтыру әлеміне бойлайтын боламыз. Түркияның әр өңірінің өз ерекшелігі бар. Мысалы, кей қалалар сауда-саттықпен айналысса, кейбірінің артықшылығы – асханасында. Енді бірі мәдениеті және тарихымен назар аудартады, — деді ол.
         Ал Әзербайжаннан келген Redaktor.az сайтының бас редакторы Акил Аслан мұндай іс-шаралардың мәні зор екендігін алға тартады. Себебі ол осы арқылы түркітілдес халықтардың байланысы артады деп санайды.
         Өзім Түркияның талай аймағында болдым. Бірақ Ыстамбұлдың орны бөлек. Сондықтан да Ыстамбұл түркітілдес журналистердің басын қосқанына қуанып отырмын. Осынау ерекше мекенде Түркияның ғана емес, бір-біріміздің мәдениетімізді, тілімізді, тарихымызды тани түсеміз. Бізде ортақ дүние көп, сол үшін де Тұран одағын құрудың маңызы орасан. Сонда үлкен күш боламыз, — деді ол.
         Қалай болғанда бұл сапардың түркі халқына ортақ дүниелерді тани түсуімізге септігі мол болары анық.
        Түркия жайлы толық ақпаратты www.goturkiye.com сайтынан біле аласыздар.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1