Білім саласыЖас буынҚоғам

ТОЗАҢДАНУ ЖӘНЕ ҰРЫҚТАНУ

Қаралым: 39
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Гүлді өсімдіктердің ұрықтануын  біледі.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Үй тапсырмасы «Сұрақ жауап» әдісі
1.Тозаңдану дегеніміз не?
2. Тозаңның аналық аузында ұсталып қалуына не көмектеседі?
3. Спермийлер қай жерде болады?
4. Ұрықтанудың мәні неде?
5. Гүлде ұрықтанудан кейін не пайда болады?
Оқушылар амандасады,
бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады
Сұрақтарға жауап береді
«Бас бармақ» әдісі
алдыңғы өткен тақырыпты естеріне түсіре отырып,сұрақтарға жауап береді.
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
Жаңа сабақ
25 мин
1-тапсырма. Суретпен жүмыс
Суретте не бейнеленгенін айтып береді.
 
 
 
Дескриптор:              Жалпы – 3  балл.
-суретпен жұмыс.
«Өзін –өзі» бағалау
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
2-тапсырма. Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттайды
а) Қосарланып ұрықтану үдерісін түсіндіріңіз.
(b) Қосарланып ұрықтану нәтижесінде пайда болатын құрылымдарды анықтаңыз.
(с) Қосарланып ұрықтанудың биологиялық маңызын түсіндіріңіз.

Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттайды
Дескриптор:              Жалпы – 3 балл.
— гүл құрылымдарын сипаттайды;
— тозаңдану үдерісін түсіндіреді;
— қосарланып ұрықтану үдерісін түсіндіреді;
— қосарланып ұрықтану нәтижесінде пайда болатын
құрылымдарды атайды;
— қосарланып ұрықтанудың биологиялық маңызын
түсіндіреді.
«Өзін –өзі» бағалау
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
3 тапсырма Суретте:

Спермий, тозаң түтігі, ұрық қалта, аналық жасуша, орталық жасуша, тұқым-бүршігі, тозаң түйіршігі қандай сандармен көрсетілген?
Суреттегі гүлдің бөліктерін көрсетеді
Дескриптор:              Жалпы – 3 балл.
-тапсырманы орындайды.
«Өзін –өзі» бағалау
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
Сабақ-тың  соңы
10 мин
Үйге тапсырма
Бекіту ONLINEMEKTEP платформасындағы тапсырмаларды орындату
 
Рефлексия «Альпинистер» әдісі
1 Мен … Білемін
2 Мен … Түсінемін
3- Мен … Жасай аламын
Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану.
ONLINEMEKTEP платформасындағы тапсырмаларды орындайды
1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Ақынова Жұлдыз Саулебековна,
№68 «Жібек  жолы» ЖББМ  КММ биология пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *