Біздің пробация бөліміміздің қызметкерлері – Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы” 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 қаулысына сәйкес, тиісті жұмыстар атқаруда.
Нақты айтатын болсақ, өз есебімізде тұрған азаматтарды “Bion” медициналық зертханасына және Шымкент қалалық №8 емханасына жолдап, қажетті медициналық көмектер көрсетілді. Сондай-ақ, оларға заң аясында басқа да тиісті әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері ұсынылды.
А.АСИЛОВА,
Шымкент қалалық №1 пробация қызметі бөлімі инспекторы, әділет аға лейтенанты.