NewsБілім саласыЖас буынҚоғамРуханият

ТАБИҒАТПЕН ДОС БОЛ!

Қаралым: 34
       Жуырда біздің  кітапханамыздың  ұйымдастыруымен  «Табиғатпен дос бол!» атты сурет салу байқауы өткізілді. Бұл байқауға ауылымыздағы Қ.Абдалиев атындағы №54-ші жалпы орта мектебінің даярлық тобының оқушылары қатысты.
       Іс-шарнаың мақсаты – жас буынның Табиғат-Анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың бейнелеу өнеріне қатысты қабілеттерін арттыру болды.
       Халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев атамыздың «Әй, табиғат» деген бір шумақ өлеңіндегі;
Әй, табиғат!
Шеберсің-ау, шеберсің.
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!-деген жолдармен басталған осы сайыста даярлық тобының оқушылары табиғаттың төрт мезгілін суреттеп берді.
         Қызықты болып өткен осы байқаудың ішінде сурет салудан үш оқушының – Сәрсенбай Нұрбек Раиымбекұлы (1-ші орын), Тұрғынбек Қалдығыз Қайратқызы (2-ші орын), Нұрмырза Алина Нұрсеріктің (3-ші орынды) суреттері ерекше көзге түсіп, марапатталды.
        Алдағы уақытта да біздің кітапханмызда осындай танымдық бағыттағы сайыстар жиі өткізілетін болады.
Зауре ИЛИМОВА,
Ж.Қалшораев ауылының филиал № 2-ші кітапханасының меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *