Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдығының бірі - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдығының бірі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдығының бірі

        Ағымдағы жылы 25 қаңтарда, Қызылорда облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында –  агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының м.у.а. Е.А.Мақажанов шағын және орта бизнес өкілдерімен бизнесті жүргізуге кедергі келтіретін мәселелерді, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді талқылау мақсатында кездесу өткізді.
       Мемлекет басшысы өзінің дәстүрлі Жолдауында «Бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қарастырылатынын» айтып өткені белгілі.
        Кәсіпкерлердің проблемалары көбінде шенеуніктердің жемқорлығы, әкімшілік кедергілер және заңнамалық олқылықтармен байланысты.
       «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері бойынша 2022 жылы бизнес субъектілерінің әкімшілік талап-арыздарының шамамен 55%-ын сот қанағаттандырған.    Бұл жай, кейбір мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдерінің заңсыздығын көрсетеді.
     Кездесу барысында Е.А.Мақажанов Агенттік Төрағасының бастамасымен биылғы жыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін «Бизнесті қорғау жылы» болып айқындалғанын, бұл ретте, нақты проблемаларды шешуде практикалық көмек және жүйелі мәселелерді талдамалау арқылы шешу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
        Осы орайда, мемлекеттік органдар іс-әрекеттеріне, әкімшілік кедергілерге қатысты шағымдарды жедел алу және қарау үшін, бизнес өкілдерін апта сайын осы «Атамекен» палатасында немесе басқа диалог алаңдарында «бейресми атмосферада» жеке қабылдауға дайын екендігін жеткізді.
      Кездесуде құрылыс, жеке балабақша, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету және т.б. салалардағы кәсіпкерлердің бизнес жүргізудегі проблемалық мәселелері тыңдалып, олар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
         Алдағы уақытта Департаментпен «Атамекен» палатасымен бірлесіп кәсіпкерлердің неғұрлым өзекті проблемаларын айқындап, қалыптасқан кедергілерді жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданатын болады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1