NewsPRESS RELEASEБилікӨзекті мәселеТабиғи апат

СУДАН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ

Қаралым: 36
        Биылғы қыс жетісайлықтар үшін оңай болмады. Соңғы 15 жылда жаумаған қар жауып, артынша күн күрт жылынуы мен жауын-шашынның жаууы салдарынан бірқатар үйлердің ауласын су басу қаупі туындаған болатын.
         Ауа-райының қолайсыздығы мен метеожағдайдың күрделенуіне байланысты Жетісай ауданының әкімі жедел штаб отырысын өткізіп, қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне, жауапты бөлімдер мен сала басшыларына тиісті тапсырмалар берген болатын.
         Табиғи апатты болдырмау, адам шығынының алдын алу мақсатында жергілікті әкімдіктер мен арнайы мекемелер жедел қимылдап, аудан аумағындағы ауласына су кірген тұрғын үйлерге, су жиналған көшелерге 37 арнайы техника, 64 су сорғы (МП-80, МП-100, МП-150, МП-350) нассостары, 200-ден астам қызметкерлер мен еріктілер жұмылдырылды.
        Аудандық төтенше жағдайлар бөліміне, аудан әкімі аппаратына, жергілікті әкімдіктерге түскен хабарламалар бойынша қажетті техникалар мен су сорғыш насостар жұмылдырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
       Қазіргі таңда тұрғын үйлерге келетін қауіп жоқ. Жағдай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық әкімдік тарапынан толықтай бақылауға алынған.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *