Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

      Ауданымыздағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Бейсенбай Төребеков елдімекендерді аралап, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстарымен танысты.
      Жыл сайын қысқы сор шаю жұмыстарының және көктемгі жауын-шашынның салдарынан жер асты суы деңгейі көтеріліп, әсіресе ауданда Мақтаарал ауылдық округі мен Атакент кентінде тұрғын үй аулаларын су басу жағдайлары жиі орын алып жатады. Ең алдымен Бейсенбай Тасболатұлы аталған елдімекендерге барып, жағдайдың тұрақты екеніне көз жеткізді.
       Комиссия төрағасының орынбасары қазылған арықтар мен жаңадан салынған латоктардың су өткізгіштік қабілетін зерделеп, округ және кент әкіміне ирригациялық жүйелер толықтай тазалануы керектігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді, төтенше жағдайды болдырмау керектігін қатаң ескертті.
       Қазіргі таңда аудандағы 50 елдімекенде 258 көшенің бойындағы жалпы ұзындығы 21,2 шақырым лотоктар, 127 шақырым арық-атыздар, 32 шақырым қашыртқылар және көпір астындағы құбырлар тазаланды.
         Сондай-ақ, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен де білім беру ұйымдарының аумағындағы арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шараға жалпы аудан аумағындағы 56 мектептің барлығындағы техникалық қызметкерлер жұмылдырылған.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1