Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

         НьюЙоркАҚШ.  “Шеврон” корпорациясы (NYSE: CVX) өзінің филиалы “Шеврон Мұнайгаз Инк.” (бұдан әрі – “Шеврон”) арқылы және “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (бұдан әрі – “ҚМГ”) Қазақстандағы стратегиялық жобаларды дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
         Келісімге Шеврон Еуразия президенті Дерек Магнесс және ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Нью-Йорк қаласында қол қойды.
         «Бұл келісім ҚМГ мен Шеврон арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деді Хасенов. «Жалпы алғанда, компаниялар ұзақ уақыт бойы стратегиялық серіктестер болып келеді. Теңіз, Қарашығанақ және Каспий құбыр консорциумы сияқты бірлескен жобалар Қазақстан ұлттық экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Біз өндіріс тиімділігін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің озық стандарттарын қолдану бойынша жұмысты жалғастырамыз».
         «Бұл келісім ҚазМұнайГазбен серіктестігіміздегі маңызды кезең болып табылады», – деді Магнесс. «Ол жергілікті қамтуды дамыту, технологиялық инновациялар және кадрларды даярлау сияқты маңызды бастамалар аясында ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді. Бұл бастамалар Қазақстанның энергетикалық болашағын қолдай отырып, ашықтық, адалдық және тұрақты даму қағидаларын сақтауға бағытталған».
         Ынтымақтастық туралы келісім аясында Шеврон мен ҚМГ стратегиялық серіктестікке басым бағыттар бойынша назар аударады, оның ішінде жергілікті қамтуды дамыту, технологияларды интеграциялау және кадрлардың біліктілігін арттыру. Бұл Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1