Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СОТТАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР БАЛАЛАР КҮНІНДЕ АТА-АНАЛАРЫМЕН ҚАУЫШТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Жас буын » СОТТАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР БАЛАЛАР КҮНІНДЕ АТА-АНАЛАРЫМЕН ҚАУЫШТЫ

СОТТАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР БАЛАЛАР КҮНІНДЕ АТА-АНАЛАРЫМЕН ҚАУЫШТЫ

       Алматы қаласындағы балалар колониясында жазасын өтеп жүрген жасөспірімдердің асыға күтетін мерекелерінің бірі – Балалар күні.
          Аталған колонияда мемлекеттік мерекелердің барлығы да аталып өткенмен, балалар үшін 1 маусымдағы мерекенің орны ерекше. Өйткені бұл күні олар сағынып жүрген ата-аналарымен, туыстарымен жүздеседі. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да мекеме қызметкерлері Балалар мерекесінде «Ашық есік» күнін өткізді.
         Республикадағы қылмыс жасаған балалар жазасын өтейтін жалғыз колонияда қазіргі таңда 63 бала ұсталуда. Оның ішінде 49 бала аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, 14 бала ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.
        Ойнақтап жүріп от басқан жасөспірімдердің бүгінгі жанашыры да, ата-анасының орнындағы қамқоршылары да – мекеме қызметкерлері. Жазалы жасөспірімдерге арналған мерекені ашқан Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы Мадияр Серікұлы Конканов аталған мерекенің тарихы мен маңызына тоқталып, балаларды төл мерекелерімен құттықтады.
        «2022 жылды Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев Балалар жылы деп жариялап, олардың сапалы білім алып, егеменді елімізге қажетті мамандық иесі болып шығуларына баса назар аударуда. Сондықтан сендердің еркін өмірге тезірек араласып, өздеріңнің аңсаған мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспіз»-деді М.Конканов.
       «Ашық есік» күні жасөспірімдер өздеріне арналған мерекелік концертті ата-аналарымен, бауырларымен бірге тамашалады. Олардың алдында өнер көрсеткен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы мен Алматы технология және флористика колледжінің студенттері колония ауласын нағыз өнер сахнасына айналдырды.   Сонымен қатар жазалы балалар мен олардың ата-аналары мереке күні спорттық жарыстарға да бірге қатысып, жүлделі орындар үшін бақ сынасты. Спорттық жарыстарда белсенділік танытқан командаларға арнайы сыйлықтар тапсырылды.
       Балалар мерекесінің соңында сотталған балалар ата-аналарымен бірге мерекелік дастарқанда бас қосты.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1