Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СОНДА «QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS» ЖАЛҒАН СТАТИСТИКА АЛЫП ЖҮР МЕ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » СОНДА «QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS» ЖАЛҒАН СТАТИСТИКА АЛЫП ЖҮР МЕ?

СОНДА «QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS» ЖАЛҒАН СТАТИСТИКА АЛЫП ЖҮР МЕ?

        Жақында Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтинг агенттігі 2022 жылғы үздік университеттердің тізімін жариялады. Академиялық рейтингке қазақстандық 14 оқу орны енді. Шынымен қазақстандық университеттер әлемдік альма-матерлердің деңгейінде ме? Әлде QS  оқу орындарынан жалған статистика алып, алданып жүр ме? Осы орайда, білім беру саласының сарапшылары Media CLUB QAZAQSTAN платформасында аталған рейтингтің қаншалықты дұрыс өткізілетінін талқылады.
         Рейтингтегі жоғары оқу орындарының позициясын анықтау кезінде академиялық топтар мен жұмыс беруші ұйым өкілдерінен жиналған сауалнамалардың нәтижелері, сондай-ақ 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңдегі 14,7 миллион жарияланым ескерілген. Бірақ, «Академиялық адалдық лигасы Хатшылығының» басшысы Яков Воронковтың айтуынша, бұл рейтингке қатысты көптеген даулы мәселелер бар.
         «QS рейтингіндегі 40% құрылым университеттің  академиялық беделінен тұрады. Академиялық беделін анықтау үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізіледі. Сәйкесінше оқу орындары сол сарапшылармен нақты жұмыс істеп, өзін мадақтауды, жақсы пікір жазуды сұрайды.  Ал, 20% құрылымы — мұғалімдердің дәйексөзі. Жақында ғана Мәскеудегі оқу орнының бірі мақтап мақалалар жазумен  айналысатын зерттеуші мұғалімді «сатып» алғаны белгілі болды.  QS рейтингінде жұмыс берушілерден де сауалнама алады. Дегенмен, бұл рейтингтің әділдігіне қатысты сұрақтар көп», — деді Яков Воронков.
         Естеріңізде болса, «Атамекен» ҰҚП өткен жылы өз тізімін жариялаған болатын. Олар түлектердің жұмысқа орналасуы мен жалақыларының көлеміне негізделе отырып баға берген.  Бұл тізімнің алғашқы бестігінде әлемдік рейтингті бағындырған жоғары оқу орындары жоқ. Осы орайда, ҚР «Атамекен» ҰҚП жариялаған рейтингте бірінші орын алған М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев былай дейді.
         «QS өз рейтингінің нәтижесін ЖОО берген ақпаратқа сүйеніп шығарады, олар оны қайта тексермейді. Бірінші кезекте білім  сапасын арттырып, рейтинг соңынан қумаған абзал»,- дейді Талғат Нәрікбаев.
MEDIA CLUB QAZAQSTAN
8-(7172)-70-30-42.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1