Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне таныс дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету. Айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге үйрету.
Ой қабілеттерін дамыту.
Мұқияттылықты тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, ойын, сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: суреттер
Мотивация:
Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Кәне, балалар, шаттық шеңберге тұрамыз
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жер ана!
Армысың, жан досым!
(Балалар шеңберге тұрып, өлең сөздерін қайталайды)
— Балалар, бір бірімізге «сәлем» дейміз(балалар бір бірімен амандасады)
Тәрбиеші:- Балалар пішіндер туралы білгілерің келе ме ? (Иә)
Балалар, міне дөңгелек. Ол неге ұқсайды? (Допқа)
Дұрыс, допқа ұқсайды және көліктің доңғалағына. Қараңдаршы: дөңгелек домалайды.
— Ал мынау ұшбұрыш. Ұшбұрыш неге ұқсайды? ( Пирамидаға, үйдің шатырына).
Балалар, сендер білесіңдер ме, Ұшбұрышты неге ұшбұрыш деп атаған? Ұшбұрыштың ұш бұрышы бар. Кәне санаймыз: бір, екі, ұш. Ұшбұрыш домалай алмайды, өйткені бұрыштар бөгет жасайды.
— Ал мынау пішін: шаршы. Терезеге немесе үйге ұқсайды. Шаршының төрт бұрышы бар. Олда домалай алмайды, өйткені шаршының да бұрыштары бөгет жасайды.
— Жақсы, балалар, ал енді екінші тапсырма.
— Балалар, менде бірнеше суреттер бар. Олар қандай пішіндерге ұқсайтының табу керек.
Тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен алып пішіндердің астына жабыстырады.
Мысалы: алма — дөңгелектің астына, ал пирамиданы — ұшбұрыштың астына.
— Жарайсыңдар, балалар!
— Балалар шаршаған шығарсыңдар, ендеше бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәт:
Күн ашылды,
Бұлт төнеді,
Найзағай тарсылдады,
Жел соқты,
Жаңбыр жауды,
Жел басылды,
Күн ашылды.
— Жақсы, балалар, жарайсыңдар. Бізде тағы бір тапсырма бар. Біз қазір ойын ойнаймыз.
Ол тапсырмамыз біздің « Өз орынына жапсырып шық» деген екен.
Кәне орынымызға барып тапсырманы орындайықшы.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар  балалар.
Сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін сендерге пішіндерге ұқсас кәмпиттер береиін.
Рефлексия:
— Дөңгелекке не ұқсайды? (алма, доп)
— Ұшбұрышқа ше? (пирамида)
— Шаршыға ше? (Терезе)
— Бұл барлығы геометриялық пішіндер. Жақсы, балалар, жарайсыңдар. Ал енді айтыңдаршы, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? (Иә)
Орынкул ЕСЕНТАЕВА,
«Жолбарыс ата» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1