Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
САММИТТЕ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МАҢЫЗДЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » САММИТТЕ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МАҢЫЗДЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

САММИТТЕ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МАҢЫЗДЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

          Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысып, маңызды баяндама жасады. Саммитке Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин және Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары қатысты.
        Салтанатты жиынды ашқан Мемлекет басшысы қатысушы елдер басшыларына алғысын білдіріп, өңірлік ынтымақтастықтың дамуындағы Қытайдың рөлін ерекше атап өтті.
        – Жиынға қатысып отырған Орталық Азия мемлекеттерінің өзара сенімі мен ортақ күш-жігерінің нәтижесінде тату көршілік қарым-қатынасқа, достық пен қолдауға арқа сүйеген ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған үлгісі қалыптасты. Осы ретте аса көрнекті мемлекет қайраткері, Төраға Си Цзиньпин басқаратын Қытай елінің белсенді әрі тиімді рөлін атап өткеніміз дұрыс. Көршілес Қытай Қазақстанның мәңгі әрі стратегиялық серіктесіне, нағыз досына айналды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
         Президент өз сөзінде Орталық Азияның 80 миллионнан астам халқы бар, табиғи ресурстарға бай, қарқынды дамып келе жатқан өңір ретінде халықаралық қатынастар мен сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды субъектісіне айналып келе жатқанын атап өтті.
        – Қытай Халық Республикасымен сан қырлы ықпалдастық – осы үдерістегі негізгі фактор. Орталық Азия мен Қытай арасындағы байланыстар кез келген жағдайға бейімделе алатын, жан-жақты және стратегиялық сипатқа ие мәңгілік серіктестік деңгейіне көтерілді, – деді Мемлекет басшысы.
         Қасым-Жомарт Тоқаев осы саммит барысында Қытаймен арадағы байланыстарды одан әрі тереңдету қажеттігін, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретінін айтты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1