Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері  – тәуелсіздіктің тұғыры, егемендіктің айғағы, елдіктің мәңгілік бейнесі. Биыл бұл қасиетті нышандарымызға 33 жыл толып отыр.
          1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді. Осы күннен бастап Ұлы дала елі өзіндік айшығы бар дербес мемлекет ретінде әлем картасында өз орнын мәңгі айшықтады.
       Мемлекеттік Рәміздер  – жай ғана белгі емес, ол – ел тағдыры, ұлттық сана мен азаматтық жауапкершіліктің айбынды айғағы.
        Елтаңбадағы шаңырақ – ортақ үйіміздің символы, Тудағы қыран – биікке ұмтылған еркіндіктің нышаны, ал  Әнұран – халықтың жүрегінен төгілген рух пен арманның үні.
        Бұл киелі ұлттық құндылықтар  ұрпақты елге қызмет етуге үндейді, ұлттың болмысын бекемдейді.
        Республикалық «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы үшін бұл күннің мәні ерекше. Өйткені, ауыл – ұлттық рухтың қайнар көзі, дәстүр мен тарихи жадының алтын қазығы. Біз Рәміздерді  құрметтеу арқылы жастарды елшілдікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуді басты міндетіміз санаймыз. Әрбір мектепте, әрбір отбасында Мемлекеттік Ту төрде ілулі тұруы керек. Бұл – тек заң талабы емес, бұл – жүрек қалауы мен азаматтық парыз!
         «Байтақ елдің берік тұғыры – бірлік пен рәміз» деген ұстаныммен біз еліміздің әр жетістігін осы рәміздердің қасиетімен байланыстырамыз. Ауыл шаруашылығында, білім мен мәдениетте, өнер мен ғылымда еңбек етіп жүрген мыңдаған азаматтың арқасында елдің іргесі нығайып, көк байрағымыз аспанда желбіреп келеді. Біз, «Ауыл» партиясының мүшелері, халықтық негізге сүйенген саяси күш ретінде Мемлекеттік Рәміздерді тек  құрметтеп қана қоймай, олардың ұлықталуына нақты іс жүзінде үлес қосып келеміз.
       Абайдай кемеңгердің атын иеленген облысымызда рәміздерге деген құрмет – ұлтқа деген құрметпен астасып жатыр. Бұл ұлы мұраны ұрпаққа аманаттау – біздің ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Жастарымыз көк Туды жүрекпен сезінсе, елдік пен егемендіктің тұғыры нығаймақ.
        Рәміз – елдің жаны. Рәміз – Тәуелсіздіктің жалауы. Рәміз – Ұлт рухының айбары.
         Біз осы құндылықтарды сақтау арқылы еліміздің ертеңін нұрлы да жарқын болуына бек сенеміз.
       4 маусым – әрбір азаматтың жүрегінде мақтанышпен аталып өтетін ұлы күн болып қала бермек!
 «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1