ҚоғамҚылмыс пен жаза

ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТӘРТІБІН БҰЗҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАЛ

Қаралым: 57
         Пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенетенциарлық) жүйесінің органы.    
      Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 233 сотталған азамат есепте тұрады. Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтыр болсада, тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін бұзатын сотталған азаматтарда азаяр емес.
      Мысалы, 2021 жылдың 16 маусымы күні Жетісай аудандық сотының қаулысымен, Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын «А» есімді азаматша, жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет белгіленген уақытта үйінде болмай, прфилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында,  жазасын кейінге қалдырудың күші жойылып, ол 5 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Оған жазаны Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу тәртібі белгіленді.
          Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе әрбір Қазақстан Республикасының азаматы, бірінші кезекте ата Заңымызды сонымен қатар барлық іргелес заңдарда көрсетілген талаптарды сақтап, артымыздан өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымызға өнеге және үлгі болу керек.
Ғ.БАЙБАТША,
Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің
инспекторы әділет лейтенанты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *