Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ПЕРДЕБЕК САЛИЕВТІҢ "ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛДАРЫМ" АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ПЕРДЕБЕК САЛИЕВТІҢ «ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛДАРЫМ» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ПЕРДЕБЕК САЛИЕВТІҢ «ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛДАРЫМ» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Мақтаарал және Жетісай аудандарының құрметті азаматы, көп жылдар бойы ауданның экономика және қаржы саласына еңбегі сіңген Пердебек Салиевтің «Жүріп өткен жолдарым» атты кітабы жарық көрді.

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев жазушыны арнайы құттықтап, жаңа кітаптың кейінгі буынға берер тәлім-тәрбиесі жөнінде сыр шертісті.  

«Кітапты оқып отырып, бір адамның өмірі, жүріп өткен жолдары арқылы кешегі қоғамның, өткен күндердің тынысын сезінуге болады. Автор ата-баба шежірелерінің ғибратты сырларына тоқталады. Сонымен бірге, қазақи салт-дәстүр, имандылық тақырыбын қозғай отырып, оның мазмұнын ашу мақсатында ұлы тұлғалардың, ақын жазушылардың, мақал-мәтел, ақыл-өсиеттерінің маңызды дегендеріне орын берген. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі жаһандану заманында жастарға өте қажет кітаптардың бірі» — деді Бейсенбай Тасболатұлы.

Ал, Досым Асабаев аталған кітапта автор өткен кезеңдермен қатар бүгінгі заман жайында ой толғайтынын, кәсіби журналист немесе жазушы болмаса да өзінің жүріп өткен жолын әдеби тілмен көркемдеп жеткізгенін айтып, жаңа кітапқа жоғары баға берді. Сондай-ақ, зейнет жасындағы қарияға шығармашылық табыс тілеп, кейінгі буынға арналған өнелегі-өсиетті кітаптар жазуды тоқтатпау керектігін атап өтті.

Айта кетейік, ауданның өсіп-өркендеуіне, экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Пердебек Салиев 2020 жылы екі бірдей Мақтаарал және Жетісай аудандарның «Құрметті азаматы» атанған болатын.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1