Білім саласыЖас буынҚоғам

ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ 10; 100; 1000;… ЖӘНЕ 0,1; 0,01; 0,001;… САНДАРЫНА КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

Қаралым: 84
       
        Жуырда 5 «Ә» сыныбының оқушыларына математиканың қыр-сырын терең үйрету мақсатында оларға белгіленген кестеге сәйкес «Ондық бөлшектерді  10; 100; 1000;… және 0,1; 0,01; 0,001;… сандарына көбейту және бөлу» тақырыбында сабақ өттім.
       
          Бұл сабақтан көзделген мақсат – оқушыларды ондық бөлшектерді көбейткенде көбейтіндінің мәнін ауызша табуға үйрету болды.
          Олардың бұл тапсырманы тезірек меңгерулері үшін түрлі көрнекіліктер мен педагогикалық жұмыстар және педагогикалық әдістер жүзеге асырылды. Мысалға «Жеке жұмыс», өзара бағалау, дескриптор, ауызша жұмыстар, кітаппен жұмыс, «Сергіту сәті», «Топтық жұмыс», функционалды сауаттылыққа логикалық есеп пен т.б. әдістер қолданылды.

         «Шаттық шеңбері»-нен басталған сабақтың өн бойында оқушылардың ондық бөлшектерді барлық жағдайлар жасалды. Олардың сабаққа зейінін шоғырландыру мақсатында түрлі педагогикалық әдістермен қатар, қайталауға жаттығулар да ұсынылды. Олардың өзара бірлесе немесе жеке жұмыс істеулеріне толық мүмкіндіктер жасалды.
         Сабақтың соңында оқушылардың «Алмалар сөйлейді» арқылы сабақтың қалай өткендігін рефлекция жұмысы жүргізілді.  
Атиргуль ИБРАГИМОВА,
№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика пәні мұғалімі,
педагог –модератор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *