Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келіп, өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйімен танысты. Осы сапар барысында құрылыс жұмыстарының сапасы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, білім беру және әлеуметтік саладағы нысандардың жұмысы, сондай-ақ жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
        Жұмыс сапары «ҚазКСР-нің 40 жылдығы» ауылындағы «Толағай» балаларды сауықтыру лагерінен басталды. Облыс әкімінің орынбасары лагерьдің материалдық-техникалық базасымен танысып, балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру үшін жасалған жағдайларды көрді.   Одан кейін Еркебұлан Дауылбаев Атакент кентіндегі №9 «Жігер» бөбекжай-балабақшасына барып, мекеменің қазіргі жай-күйін зерделеді. Нысанды аралау барысында ғимараттың техникалық жағдайы мен инфрақұрылымын жетілдіруге қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
      Жұмыс сапарының маңызды бағыттарының бірі ауданның арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар болды. Облыс әкімінің орынбасары өндірістік нысандардың құрылыс барысымен танысып, жобалардың іске асырылу қарқынына баға берді. Бұл жобалар өңірге инвестиция тартуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі екені атап өтілді.
        Сапар аясында облыстық маңызы бар КХ-77 «Дихан – Еңбекші – Жайылбаев – Жеңіс – Сырдария – Фирдоуси» автомобиль жолының 27+600 шақырымында орналасқан көпірді күрделі жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Жауапты мердігер ұйымдардың өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, жобаны белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау мәселелері талқыланды.  Сонымен қатар, Фирдоуси елді мекенінде салынып жатқан 12 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы қаралды. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқынына ерекше мән беріп, тұрғын үйді уақытылы пайдалануға беру жөнінде жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.
       Мырзакент кентінде де бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар араланды. Атап айтқанда, Тайғанов көшесінде орналасқан «Мырзакент» мектеп-гимназиясында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысы зерделеніп, білім беру мекемесінің заман талабына сай жаңғыртылуы мәселесі қаралды. Сондай-ақ Мәдіқожаев көшесіндегі «Оқу-өндірістік комбинаты» мекемесінің қызметімен танысып, оқушылардың кәсіптік бағдарын дамытуға бағытталған жұмыстар мен оқу-материалдық базаны жетілдіру мәселелері талқыланды.
        Жұмыс сапары барысында Мырзакент кентінде бой көтеріп жатқан жаңа буынды дамыту орталығының құрылысы да назарға алынды. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №6 арнайы балабақша–бастауыш мектеп-интернатының жұмысымен танысып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жасалып отырған жағдайлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы сараланды.
       Күннің екінші жартысында Еркебұлан Дауылбаев аудан әкімдігінде өткен жұмыс мәжілісіне қатысып, сапар барысында анықталған мәселелерді жан-жақты талқылады. Жиында әлеуметтік нысандар құрылысының сапасы, оларды пайдалануға беру мерзімдері, инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы және аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар кеңінен сөз болды.  Осы мәжіліс қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жауапты басқармалар мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар беріп, барлық жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ атқарылып жатқан жұмыстарға тұрақты бақылау жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне бағытталған әрбір жобаның нәтижелі жүзеге асырылуы басты міндет екендігін жеткізді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1