Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
НӘЗІК ЖАНДЫЛАР – АДАЛ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АЙРЫҚША МАҢЫЗҒА ИЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » НӘЗІК ЖАНДЫЛАР – АДАЛ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АЙРЫҚША МАҢЫЗҒА ИЕ

НӘЗІК ЖАНДЫЛАР – АДАЛ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АЙРЫҚША МАҢЫЗҒА ИЕ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Гүлзия Қарсыбай облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өткізіп, адалдық идеялогоиясын қалыптастыру мақсатында ағарту жұмыстарын жүргізді.
Осы мақсатты жиынға Түркістан облысы және Шымкент қаласының «Әйелдер күштері Альянсының төрайымы» Құралай Бекенова, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева, сондай-ақ іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысты.
Әділдік аясында өрбіген кездесуде Г.Қарсыбай жыл басынан бері «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен атқарылған жұмыстар мен тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған бірқатар жобалардың жүзеге асырылу барысын баяндап, қоғамда парасаттылық құндылығының қалыптасуы – ел ертеңінің іргетасы берік болып қалануына ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ, үйдің шырағын жағып, адалдық қасиеттерін берік ұстанған парасатты отбасыны тәрбиелеу – нәзік жандылардың негізгі міндеті екендігін алға тартып, олардың бүтіндей қоғамды тәрбиелеуге және сол арқылы адалдық атты асыл қасиетке айрықша басымдық беру қажеттігін жеткізді.
Келелі кездесу соңында жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, талап-тілектері мен өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1