Әлеумет

НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Қаралым: 20
Мақтаарал ауданының прокуратурасы мен «Атамекен» кедендік бекетінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына 7 жасанды тыныс алу аппаратын контрабандалық жолмен тасымалдап жатқан тұлғаларды құрықтаған болатын.  Мақтаарал ауданының әкімі аппаратында аудан әкімі Бақыт Асанов пен ауданның прокуроры Жұмағали Ботабеков контрабандашылардан тәркіленген жасанды тыныс алу аппараттарын «Мырзакент» және «Атакент» аудандық ауруханаларының басшылығына табыстады. Атап айтқанда, аппараттың 5-еуін «Мырзакент» аудандық ауруханасына, 2-еуін «Атакент» аудандық ауруханасының балансына өткізіп берді.
Қазіргі таңда кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осындай заң бұзушылықтарды ашуда белсенді жұмыс жасап жатқан ауданның прокуроры Ж.Ботабеков еліміздегі пандемиялық жағдай кезеңінде мұндай қажетті құрылғылардың шетелге заңсыз тасымалдауына қатаң тыйым салынғанын ескертті.
«Коронавирус инфекциясы асқынған жағдайда адамның өкпесіндегі тыныс алу жолдарын зақымдайды. Науқасқа оттегі жетіспей қиналады. Міне, осындай жағдайда тыныс алу аппараттарының маңызы зор. Сондықтан, кез келген елде бұл құрылғыларға деген сұраныс өте жоғары және осындай заңсыздықтардың алдын-ала отырып науқастарға өте қажетті құрылғыларды біздің мекемемізге табыстап отқан прокуратура қызметкерлеріне алғыс білдіреміз» — деді «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Нұржан Нұрашев.
Айта кетерлігі, бұған дейін демеушілердің есебінен 30-ға жуық ИВЛ, оттегі концетраторы сияқты т.б. тыныс аппараттары Мақтаарал ауданындағы ауруханаларға сыйға берілген екен. 
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *