ҚоғамМерекелік шараРуханият

НАУРЫЗ — МЕЙІРІМДІЛІК, ТАЗАЛЫҚ, БІРЛІК, СЫЙЛАСТЫҚ, ТАТУЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Қаралым: 80
                 Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі, береке-бірліктің, ұйымшылдықтың, молшылық пен көктемгі жаңарудың мерекесі. «Наурыз мерекесі» әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Ескінің жаңарып, қалың қыстан аман есен шығып, жаңа күнді, жаңа нұрды қарсы алып, бір-біріне құшағын жайып, игі тілектер айтылатын мереке. Күн мен түннің теңескен көктемгі мерекені жыл сайын асыға күтіп, бүкіл халық, ұлт пен ұлыс  болып тойлайды.
        Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінде де, ұлтымыз үшін ерекше маңызға ие  – Әз — Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Осы мерекелік іс-шарада «Наурыз көже» дайындалып, дәм татылды. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды ұлықтайтын, рухани мәдениетімізді асқақтататын мейрамда сонымен бірге «Тұсау кесер» дәстүрі де өтіп, көпшілікке шашу шашылды, қол күресі, арқан тартыс сияқты бірнеше спорттық ойын түрлері де ұйымдастырылды.
           Құрметті халайық! Біздің архивтің ұжымы барлықтарыңызды Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамымен шын жүректен  құттықтайды. Сіздерге мықты денсаулық, зор бақыт тілейміз, Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық пен қуаныштар әкелсін!
А.ОРТАЕВА, Э.АЛИПОВА,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің архивистері. 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *