Балаларды ерте жастан музыкаға үйретудің пайдалы. Себебі балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері жақсы қалыптасып, дарыны ашылады.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т.б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
Осылайша балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты іс. Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны, мерекелік ертеңгіліктер т.б. Музыкалық оқу іс-әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
Осылайша балабақшада жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бала мерекелік ертеңгіліктердің, ойын-сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Нұркен САПАКБАЕВ,
«Ерке сұлу» бөбекжай балабақшасының музыкалық жетекшісі. Атакент кенті.