Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МИНИСТР «ЖУРНАЛИСТИКА: АНАЛИТИКА ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫН ҚОЛДАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МИНИСТР «ЖУРНАЛИСТИКА: АНАЛИТИКА ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫН ҚОЛДАДЫ

МИНИСТР «ЖУРНАЛИСТИКА: АНАЛИТИКА ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫН ҚОЛДАДЫ

          ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елімізде жаңадан ашылған «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығымен танысты. М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУе арнайы барған министр Facebook-тегі парақшасында жоғары оқу орнынан алған әсерімен бөлісті.
       «КАЗГЮУ — тек білім беруге ғана емес, студенттің дамуына да көп көңіл бөлетін, халықаралық деңгейдегі заманауи университеттің эталоны. Спортқа баса назар аударатынына, студенттердің қызығушылығы бойынша түрлі қосымша сабақтарға мән беретініне риза болдым. Былайша айтқанда, студенттер университеттегі уақытын өз пайдасына өткізеді, дамиды әрі қосымша қабілеттерді меңгеріп шығады»,- деп жазады Аида Балаева.         Кездесу барысында министр мен университет басшылығы бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы әңгімелесті. Журналистік этика бойынша семинар өткізу туралы, студенттердің еліміздегі үздік бұқаралық ақпарат құралдарында іс-тәжірибеден өтуі мәселелерін талқылады. КАЗГЮУ-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев әлеуметтік желілердегі парақшасында министрмен кездескенде қандай тақырыптарды қозғағаны туралы жазды.
         «Аида Ғалымқызымен бірге шешуге болатын мәселелерді ашық талқыладық. Масс-медиа саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі, көптеген ЖОО-ларда білім бағдарламасы мазмұнының ескіруі, баспасөз беттеріндегі шыққан материалдарда деректердің талданбауынан БАҚ-тағы әдептілік деңгейінің төмен болуы сынды мәселелерді айттық», — дейді университет басшылығы.
         Естеріңізге сала кетейік, жақында КАЗГЮУуниверситеті осы жылдың қыркүйек айында «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығы ашылатыны туралы хабарлады. Жаңа білім беру бағдарламасының мақсаты — құқықтық және экономикалық салада, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында терең білімі бар аналитик-журналист мамандар дайындау.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.
8 (7172) 70-30-42.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1