Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МИГРАНТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ОНЛАЙН НАУҚАН ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МИГРАНТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ОНЛАЙН НАУҚАН ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ

МИГРАНТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ОНЛАЙН НАУҚАН ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ

Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2020 жылғы 15 желтоқсан — 18 желтоқсан — Халықаралық көші-қон күні. Осы маңызды күнді атап өту үшін АҚШ үкіметі Winrock International іске асыратын Орталық Азиядағы Қауіпсіз көші-қон жөніндегі Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) жобасы арқылы Қазақстандағы мигранттардың құқықтары туралы хабардарлықты арттыру үшін әлеуметтік желілерде науқанды бастады.
Көші-қон адамның лайықты, қауіпсіз және бейбіт өмірге деген ұмтылысына негізделген жаһандық процесс. Туған елін тастап кету туралы шешім әрқашан төтенше шара болып табылып, көбінесе қауіпті жолдың басталуын білдіреді. Биыл Орталық Азиядағы көптеген мигранттар COVID-19 пандемиясы кезінде шекаралардың жабылуына байланысты қиындықтарға тап болды. Олар жұмысқа, тамаққа, денсаулық сақтау жүйесіне және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алмай, осал жағдайға тап болды.
Мигранттардың құқықтары туралы хабардарлықты арттыру және олар тап болғанқиындықтарды жарыққа шығару үшін Орталық Азиядағы Қауіпсіз көші-қон жөніндегі жоба Қазақстан халқын мигранттарға стереотиптер призмасы арқылы емес, адам құқықтарының қағидаттары мен нормалары негізінде қарауға шақыру үшін науқанды бастады. Коммуникациялық науқан 18-25 желтоқсан аралығында жалғасып, оның барысында әлеуметтік желілердегі пікір жетекшілерімен түрлі іс-шаралар жүзеге асырылады. Науқанға кез келген адам өз оқиғасымен бөлісіп #БізТеңбіз, #БізБәрімізМигрантпыз және ағылшын тілінде #WeEqual and #WeAllMigrants хэштегтерін қолданып қосыла алады.
###
USAID қаржыландыратын Орталық Азиядағы Қауіпсіз көші-қон жөніндегі жобаны Орталық Азияның бес елінде Winrock International жүзеге асырады. Бұл бес жылдық жоба, адам саудасының алдын алу, тірі қалғандарды қорғау және қауіпсіз көші-қонға жәрдемдесу мақсатында үкіметтердің, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке сектордың өзара есептілігі мен тиімділігін күшейту үшін нақты деректерге негізделген әдістер мен трансшекаралық байланыстарды пайдаланады. Жоба көші-қон практикасын жақсарту және қанаудың алдын алу мақсатында жергілікті билік органдарымен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Толығырақ ақпарат USAID Орталық Азия веб-сайтында қолжетімді: https://www.usaid.gov/central-asia-regional.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1