Бүкіл мұсылман халқы үлкен ыждахаттықпен күтіп, қуанышпен қарсы алатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының жоғары деңгейде аталып өтуіне Жетісай ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері де үлкен үлес қосуда. Аудан әкімі мен сала ардагерлері аудан халқына өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, айтулы мерекемен құттықтады.
5000 жылдық тарихы бар Наурыз – парсы тілінде певрардин айының бірінші күні. Елеу-ескерусіз қалмайтын, заманына сай жаңарып, жаңғырып отыратын келешегі жарқын наурыз тойында мерекелік дастархан жайылып, сағына күткен Наурыз көже тартылды. Ауданды мекен еткен түрлі ұлттар мен этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарының фестивалі ұйымдастырылды.
Береке мен бірліктің, достық пен ынтымақтың бастауы болған Наурыз мерекесінің жоғары деңгейде кең көлемде аталып өтуіне аудандық «Жетісай» мәдениет үйінің өнерпаздары да атсалысып, көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.