БилікМаман кеңесі

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ

Қаралым: 53
       Қазақстан Республикасы ауылшарушылық министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы 3 мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысады. Атап айтқанда:
  1. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру. Мерзімі: 1 жұмыс күн ішінде тек электронды түрде.
  2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру. Мерзімі: 3 жұмыс күн ішінде қағаз және электронды түрде қабылданады.
  3. Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу. Мерзімі: 3 жұмыс күн ішінде электронды түрде.
     Мемлекеттік қызметтер ТЕГІН көрсетіледі.
     Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 186 бұйрығына сәйкес. Карантинге жатқызылған жылдам бұзылатын өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат беруге өтініш келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады. Ол үшін, өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса жолдануы қажет.
Қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар www.egov.kz  «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінім бере алады. Сонымен қатар, Инспекцияда жеке және заңды тұлғалардың өтінім беру процесін жеңілдету мақсатында, «өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы да ұйымдастырылған. Өтінім түскеннен кейін, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор өнімнің фитосанитариялық жай-күйін жете тексеруге барады, қажет болған жағдайда үлгілер алып, фитосанитариялық сараптамаға жібереді.
Б.ХАЙРУЛЛА,
ҚР АШМ АӨК МИК
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясының бас-маман
өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *