Полат ҚАЗЫМБЕТ, Радиобиология және радиациялық қорғау институтының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор
Полат Қазымбеттің өмірбаяны
Жаныңда жүр жақсы адам демекші, Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы білім беретін мектепке үнемі демеушілік жасап жүретін Полат Қазымбет мектепке демеушілік жасаудан қол үзген емес. Ол 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында көп балалы мұғалім жанұясында дүниеге келген.Әкесі бүкіл саналы ғұмырымын бала оқытуға арнаған белгілі педагог,анасы үй шаруасындағы әйел болған.Мектепті бітірген Полат Қазымбет Алматыдағы С.Ж.Асфендияров атындағы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін 1969 жылы үздік бітірген.Осы оқу орнының аспинтурасын аяқтаған. 1972-1985 жылдары Мәскеудегі Ресей онкология және радиология ғылыми орталығында докторантурада оқыған. 1990-2001 жылдары Асфендияров атындағы мемлекеттік медицина университетінде аға оқытушы, биология және радиология кафедрасының меңгерушісі,емдеу факультетінің деканы болып қызмет атқарған.Полат Қазымбет 2000 жылдан бастап, соңғы 20 жыл көлемінде, ол мектепке:
Су шығаратын арнайы құрал, өрт қауіпсіздігіне орай, 4 тонна су сыйатын су әуізін жасатып берді.
Мектептің кітапхана қорына 250 ден астам құнды кітаптар сыйлады
Әр оқу жылы соңында мектепті үздікке бітірген оқушыларға «үздік оқушыға » атты арнайы медальін табыстап келеді.
2010 жылы күз айларында мектеп ауласының ішінен өлшемі 18-12 – ні құрайтын үлкен кітапхана ғимаратын өз қаржысына салдыртып берді.
Бұл ғимараттың ашылу салтанаты 2010 жылдың 2 наурызында өтіп, мектеп ұжымы бұл керемет сыйды ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жасаған сыйы деп қабылдады. 2006 жылы 4 қарашада Полат Қазымбетұлының демеушілігімен Ұлы Отан соғыс ардагері және мектептің алғашқы директоры Қазымбет Дәрімбаевқа бюст орнатылды. Бюсттің биіктігі 3 метр 26 см.2005 жылы 6 мамырында ауылымызыдан Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдарға арналған ескерткіш орнатты, 2014 жылы мамыр айнында Полат Қазымбетұлының демеушілігімен қайта жаңартылды. Өзінің 80 жылдық тарихында іргелі білім ұясына айналып отырған Жетісай ауданының білім бөлімінің «Қазымбет Дәрімбаев» атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Дәрімбаевтың даңғылы» атты жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты. Сонымен қатар, шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері Қазымбет Дәрімбаевтың еңбек жолы мен өмір белестері жайында естеліктер айтса, белгілі айтыскер ақын Мұхтар Құралов ұстазына арнап өлең оқыды. Ал, Полат Қазымбетұлы мектеп ұжымына Қазымбет ақсақал жайлы жазылған Қаныбек Абдуовтың «Тау тұлға» атты кітабын сыйға тартты. «Кітапты жазудағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа Қазымбет Дәрімбаевтың өнегелі өмірінен хабар беру, жастарды саналы, ойлы азамат етіп тәрбиелеуге аз да болса үлес қосу болды» дейді автордың өзі. Полат Қазымбетұлының демеушілігімен 17.02.2023жылы күні мектеп Гимнің ашылу салтанаты болып өтті. Гимнің сөзін жазған Қаныбек Әбдуов, әнін жазған Мұхтар Құралов. Мектеп кітапханасына әр жылы құнды кітаптарды сыйға тарту етеді.
Ауыл мектебіне жанашырлық танытып, жастар арасынан елге еңбегі сіңер осындай ұлы тұлғалар көбейсе деп тілейміз!
Агайдарова Акхал Ташболатовна,
«Қазымбет Дәрімбаев атындағы №41жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.