Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚШЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚШЫ

МАҚТА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚШЫ

       Мақтаарал ауданында Қазақстан мен Түркия елдерінің бірлескен мақта майын шығаратын зауыты іске қосылмақшы. Жалпы құны 2,152 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорын 2022 жылы пайдалануға берілетін болады. 
         Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Көкарал ауылында іске асып жатқан инвестициялық жоба жылына 2,9 мың тонна май, 14 мың тонна шрот шығару қуаттылығына ие. Жалпы 48 адамды жұмыспен қамтуды көздейді.
         Аудан әкімі Бақыт Асанов сол жерге арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда нысанның ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ, Түркия мемлекетінен бірнеше тоннаға жететін құрал-жабдықтары келтірілген. Оны транспортация жасау үшін ондаған жүк көліктері жұмсалған екен.
          «Біз мақта шикізатын дайын өнімге дейін жеткізетін осындай жобаларды барынша көбейту үшін жұмыс жасауымыз керек. Сол кезде ақ алтынды шетелге арзан бағаға сатуға мәжбүр болмаймыз. Бұдан бөлек, 2024 жылға дейін Түркия мемлекетімен бірге жалпы құны 5,89 миллиард теңгені құрайтын текстиль фабрикасын іске қосатын боламыз. Жоба жылына 6600 тонна жіп иіріп, 143 адамды жұмыспен қамтитын болады. Әрі қарай оны киім-кешекке, көрпе-кілемге айналдыратын толық индустрия жасау керекпіз» — деді Бақыт Насырханұлы.
         Айта кетейік, шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2021-2025 жылы Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі 10,781 миллиард теңгені құрайтын 308 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуды көздеген 5 жоба іске асырылуда.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1