Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДА 70 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МАҚТААРАЛДА 70 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

МАҚТААРАЛДА 70 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыстың оңтүстік аудандарын дамыту мақсатында қолға алынған оң жобаларының арқасында Мақтаарал ауданында жол жөндеу жұмыстары үлкен қарқынмен жүріп жатыр.
Жалпы Мақтаарал ауданында 86,5 шақырымды құрайтын республикалық, 208,7 шақырымды құрайтын облыстық, 44,3 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдар бар және елді мекендердің ішкі көшелері 569,2 шақырымға жетеді.
2019 жылы ауданда 3,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 3 автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарына 161 миллион теңге қаржы қаралып, нысандардың құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2020 жылы аудандық бюджеттен 381 миллион теңге қаржы қаралып, 51,05 шақырымды құрайтын 94 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Жыл соңына дейін 1,6 миллиард теңгеге 62,7 шақырымды құрайтын 77 ішкі көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған болса, қазіргі таңда 70 көшеге асфальт төселді. Оның ішінде, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 41 көше, жергілікті бюджет есебінен 7 көше, су тасқыны салдарынан қалпына келтірілетін 29 көше бар.
Айта кетейік, А-15 республикалық автомобиль жолының Кіреберіс-Гүлістан тармағы және облыстық маңызы бар КХ-77, КХ-78, КХ-80, КХ-164 автомобиль жолдары орта жөндеуден өтсе, КХ77, КХ100 автомобиль жолдары ағымдағы жөндеуден өтті.    
 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1