Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

         Цифрлық дəуірде еліміздің білім беру жүйесі жаңа талаптарға жауап беріп, жастардың білімі мен тəрбиесіне үлкен назар аудара бастады. Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің басты міндеті – болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, саналы азамат тəрбиелеу. Осы орайда, мұғалімдеріміздің кəсіби құзыреттіліктерін үнемі жетілдіру қажеттілігі артып келеді. Біздің ұжымымыздың ішінде математика әдістеме бірлестігінде атқарылып жатқан істер  орасан зор.
        Математика пәні мұғалімдері оқушылардың математика сабағына деген қызығушылығын оятып, сабақта жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып, оқушылардың біліктілігін дамытуда. Оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысуға дайындап, ерекше қабілетті, дарынды оқушылармен дамыту жұмыстарын жүргізуде. Пәнге деген  қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалды жарыс ойындарын ұйымдастырып,  бірлестік ауызбіршілікпен жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар  жақында мектебімізде ұйымдастырылған  «Цифрлық дәуірде мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін тұрақты және жүйелі түрде дамыту мәселелері» тақырыбындағы «V Республикалық конференцияға» қатысып, өз тәжірбиелерімен бөлісті. Математика пәні мұғалімдері  Улжалгас Примбекова және  Жанар Турусовалар 2024 жылы  облысқа бірлесіп дайындаған «Тригонометриялық функциялар»  тақырыбындағы озат тәжірибелерін жариялады.  Оқушыларымыздың да жетістітері аз емес:  11 «Б» сынып оқушысы Ақнұр Дүйсехан Президенттік  олимпиададан 3 орынды иеленіп келді. Жас маман  Сания Қасымбекованың жетекшілігімен  «Алтын қыран – ерекше дарын иесі» олимпиадасынан  6-сынып оқушысы Серик Аяулым 3-орынды қанжығасына байлады.
           Мектеп  директоры және математика пәні мұғалімі Улжалгас Примбекова «Математика сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында бірлескен баяндама оқыды. Баяндамасында ұлттық құндылық­тары­мыз­ды азаматтарымыздың, әсі­ресе өске­лең ұрпақтың бойына сіңі­­рудің оңтайлы жолын та­буымыз туралы және  бұл ретте негізгі салмақ білім беру саласына түсетіні сөз­сіз екені жайында айтты.
         Ал мен «Математика сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында бірлескен баяндама оқып, онда жаһандану мен технологиялық өзгерістер қалыпты жағдайға айналып отырған қазіргі заманда ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту ерекше маңызға ие болып отырғанын айттым. Бұл үдерісте білім басты рөл атқарады, ал математика іргелі пән ретінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруға және нығайтуға үлкен үлес қоса алады.
        Осы аталған ұстаздармен қатар мен де педагогикалық шеберлік орталығының және «Ұлағат» оқу-әдістемелік орталығының сертификатымен  марапатталдым.
         Ұстаз білімге шығатын жолды нұсқаушы сонымен қатар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып ізденушілігіне зер салатын белгілі тұлға.  Оқытушы мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен іс-қимыл әрекетіне әсер етуші және білім нәрін сеуіп нұрландыратын тынымсыз жан деп білеміз. Ұстаздарымызға өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі сіңіріп жатқан қажырлы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке, бірлік тілейміз.
Жазира ЮСУПОВА,
М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ математика пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1