Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҰРАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҰРАСЫ

КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҰРАСЫ

         2024 жылдың 21 мамыр күні «Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының» ұйымдастыруымен алғаш рет «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» тақырыбында әдеби квест байқауы Alatau creativ hub орталығында өтті.
         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық идеяны қалыптастыру біздің өз тарихымызды жаңадан оқу негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан ұлттық идеяның формуласы ұлттық тарихта жатыр» демекші бұл шараның басты мақсаты – қазақ елінің мақтанышына айналған айтулы тұлғалардың мұрасы мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.
         Байқау барысында тұлғалардың өмір жолы мен еңбектері туралы тың мәліметтер талданып, шығармашылықтары жан-жақты ашылды.
         Байқауға жалпы білім беру мектептерінің  7, 8-сынып оқушылары қатысты. Жалпы білім беру ұйымдарынан 30-дан астам өтініш түсіп, арасынан 5 үздік команда іріктеліп алынды.
          Білім мен жылдамдықты талап ететін квест -ойын форматындағы байқауда оқушылар өз білім деңгейлерін дұрыс шешім қабылдау, логикалық ойлау және жылдамдық қасиеттері арқылы көрсете білді.
Конкурс қорытындысы бойынша
l орынды Абай атындағы РММИ
ll орынды № 178 лицей
lll орынды № 115 мектеп оқушыларының командалары жеңіп алды.
         Үміткерлерді іріктеу мен жеңімпаздарды анықтайтын қазылар алқасы қатарында сарапшылар, әдебиет танушылар, үздік ұстаздар, журналисттер және өнер қайраткерлерінің өкілдері болды.
          Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Шара нәтижесінде  әрбір қатысушы «Рухани көшбасшылардың галактикасына қосыла алам ба?» деген негізгі сұраққа жауап ала алды.
Камила НҰРАХМЕТОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1