Алматы, Қазақстан –2024ж.8 сәуір – «Шеврон» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы (бұдан әрі – «Шеврон») арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді.
«Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде«Шеврон» Қазақстанғасу тасқынының ауыр зардаптарын еңсеруге жан-жақтыкөмекберугедайын, – деді«Шеврон» ЕуразиябөлімшесініңбасқарушыдиректорыДерекМагнесс. – Бізхалықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз етуүшін осы ресурстардыңқажет екенінтүсінеміз. «Шеврон» компаниясыҚазақстанхалкынаайнымасқолдауынбілдіреді».
30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап «Шеврон» елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Компания 2020 жылы Қазақстанға 20 миллион АҚШ долларынан астам сомаға медициналық жабдықтар мен дәрілік заттар сатып алып, коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдау көрсеткен алғашқы шетелдік компаниялардың бірі болды.