Мектебімізде жақында күз мезгіліне арналған «Күз ханшайымы мен ханзада» атты тақырыпта сайыс болып өтті.
Ол сайыстың мақсаты – оны өткізе отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Сахна мәдениетін қалыптастыру. Өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты сүюге, аялауға, молшылық айы күзді бағалауға тәрбиелеу болды.
Көрнекілігі: суреттер, түрлі — түсті шарлар, нақыл сөздер Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар құрметті ата-аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған берекелі, күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен, егістіктегі астығымен келеді.
Бүгінгі «Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер
Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын дей келе, Ханзада мен Ханшайымымызды ортаға шақырайық.
3 «А» сынып ханзадасы мен ханшайымы
Мадиярұлы Нұрдәулет- Балтабай Нұрсезім
Ермахан Есжан- Сейтжан Айзере
Наров Садерддин-Машрапова Рухшона
Асқар Мұхаммед- Шайзанда Айзере
Ташкенбай Әсет-Нарова Бақтыгүл
Ал балаларға сәттілік тілейікші –деп сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайын.
Бастауыш әдіс бірлестік жет: К.Ибрагимова
Технология пәнінің мұғалімі: Д.Мүсілімов
Мұғалім
Бөлімнің бағдарламасы:
1-бөлім: «Өздерін таныстыру»
2-бөлім: «Өнерім бар осындай»
3-бөлім:«Өлеңнің жалғасын тап!»
4-бөлім: «Дәмін ажырат»
5-бөлім: «Ас-адамның арқауы»
6-бөлім: «Сән үлгісі»
Осы кезде вальстік музыка ойнап тұр
І -бөлім : Өздерін таныстыру
Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға-дей келе алғашқы сайыскерлеріміздің өзін-өзі таныстыру сайысын бастаймыз
Бүгін, балалар күз мерекесіне деген, қуаныш сезімдерін ән жолдармен, тақпақтармен былай жеткізеді.
Картоптың сыртын үзбей тазалап, пиязды тазартып, жіңішкелеп,сақиналап турау керек.
4-бөлім: «Дәмін ажырат»
— Балалар, ойын ойнайық. Ендеше ойын шартымен таныстырайын. Сендер көздеріңді жұмасыңдар, мен ауыздарына не көкөніс немесе жеміс саламын. Сендер оны дәміне қарай ажыратып атайсыңдар.
Осы жемістердің барлығы еңбектің арқасында келеді. Біз оларды қалай күтіп баптасақ, жемістер бізге сондай мәуесін береді екен. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мақал осыдан шыққан.
5-бөлім: «Ас адамның арқауы»
«Ас адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде дайындап әкелген тамақтарын қорғап, оны тапсырады.